«Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар-оқыту

2019 жылғы 9 шілдеде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің акт залында бекітілген оқыту кестесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» МК»  коммерциялық емес АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдауда және іс макеттерін қалыптастырудың сапасын арттыру мақсатында «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында Семей қаласының, Глубокое, Жарма, Зайсан, Күршім, Үржар, Алтай аудандарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің мамандарына семинар-оқыту өтті.

Семинарда қолданыстағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру талқыланды.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.

 

Қазақ