Глубокое ауданының тұрғындарымен кездесу

2020 жылға әлеуметтік-еңбек саласында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, 27 ақпанда  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша басшы орынбасары М.В. Шаронова  Глубокое ауданы  тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Кездесуге «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы М.Н. Пономарева, «Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Н.Т. Қыстаубаев, «БЖЗҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Глубокое кенті бөлімінің басшысы Ю.Г. Кузнецова, аудандық қызмет, кент және ауылдық округ мамандары, Глубокое ауданының тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында 2020 жылдың қаңтарынан зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер бойынша, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы жаңа мемлекеттік жәрдемақы туралы түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Қазақ