Көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі мүгедектер үшін кедергісіз орта

Біздің елімізде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен жасалуда. Осы жоспарды іске асыру аясында біздің облыста көлік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары бойынша белгілі іс-шаралар жүргізілуде.

            Қазіргі кезде Өскемен және Семей қалаларындағы автобекеттерде мүгедектер үшін қол жетімді орта қамтамасыз етілген: тұтқалар орнатылды, ғимаратқа және платформаларға кедергісіз кіру және шығу қарастырылған, қосымша пандустар, мүгедектерді күту орындары жабдықталған, таксофондар орнатылған, қоғамдық дәретханалар мүгедектер арбаларымен жабдықталған.

Өскеменнің халықаралық әуежайында ұтқырлықтары азайған азаматтар үшін келуге арналған жаңа терминал пайдалануға берілді. Ұтқырлықтары азайған жолаушыларды әуе кемелеріне жеткізу үшін: мүгедектер арбалары, зембілдер, аяқ-қолды бекітуге арналған арнайы құралдар, өз еркімен қозғалуға арналған балдақтар, оттегі бар жабдықталған арнайы жедел жәрдем көлігі, пандустар және т.б. бар. Семей әуежайын қайта құру жұмыстары аяқталды, бүгінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әуежай пандустармен және турникеттермен, мүгедектерді әуе кемесіне, қоғамдық көлікке, жеке автокөліктерге тасымалдау үшін арбалармен, рейстерді күтуге арналған арнайы алаңдар және тұрақтармен жабдықталған.

Өскемен және Семей теміржол вокзалдарының аумағында күту залында мүгедектерге арналған орындар анықталған, ғимараттарға кіре берісте пандустар бар, билет кассалары мен ақпараттық кассаға арнайы телефон байланысы орнатылған. Сонымен қатар, мүгедектер арбалары мен тазалық сақтау бөлмесі бар.

Бүгінгі таңда көлік инфрақұрылым нысандары мүгедектерге қол жетімді жағдаймен қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жалғасуда.

 

Қазақ