Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс тобының отырысы

2020 жылғы 24 ақпанда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы М.Н.Чукубаев. Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінде мүмкіндіктері шектеулі құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Отырысқа жұмыс тобының барлық мүшелері және шақырылған адамдар қатысты.

Отырысты Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі О.Г.Кузовлева жүргізді.

 «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларын үйлестіру басқармасы» ММ-ің ардагерлермен және мүгедектермен жұмысы бөлімінің бастығы Байбудинова Д.К. және «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-ің бас маманы С.К. Муздапарова  «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың іске асырылуы туралы» баяндама. жасады.

Сондай-ақ, жұмыс тобының жетекшісі комиссия мүшелерін жұмыс тобының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

 

Қазақ