Халықпен кездесу

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, «МӘСҚ» АҚ-ның ШҚО филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Глубокий аудандық бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысуларымен Глубокий ауданы Глубокий кентінің  «НұрОтан» партиясының ғимаратында халықпен   кездесу өткізілді.

            Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығының басты бағыттары бойынша, сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру заңнамасына еңгізілген өзгерістер туралы ақпараттармен таныстырылды.

Қазақ