Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

Қазақстанда қазанның соңғы жексенбісі Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелердің бірі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиналыс өтті. 

Департамент басшысы залда отырған көпшілікті ерекше мерекемен құттықтап, кейбір мемлекеттік қызметшілерге құрмет грамотасын, алғыс хаттар табыстап, «Еңбек ардагері» медалімен және «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төс белгісімен марапаттады.

Қазақ