Мемлекеттік қызметшілердің іс-сапардағы және қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар тәртібі туралы жадынама

  1. Іссапар басшылықтың өкімі бойынша мемлекттік қызметшіні қызметтік міндеттерін орындау (тексерулер, семинарлар, көшпелі кеңестер және т.б.), оқу, біліктілігін артыру немесе қайта даярлау үшін өзге жерге белгілі мерзімге жолдау болып табылады.
  2. ұурақты орналасудан тыс шығу Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудан босатпайды.
  3. Іс-сапарда жүрген лауазымды тұлғалар өзінің мінез-құлқымен және сыртқы түрімен азаматтар мен басқа мемлекттік қызметшілер үшін үлгі болуға тиіс.

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық офисі аясында 2019 жылғы 14 маусымда сағат 10.00-ден 13.00 ге дейін «Ашық есік күні» өткізіледі

«Шығыс - Адалдық алаңы»  жобалық офисі аясында  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің ғимаратында  Өскемен қаласы, Белинский  к., 32, мекен-жайы бойынша  2019 жылғы 14 маусымда сағат 10.00-ден 13.00 ге дейін,  зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі бағыттары және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу сұрақтары бойынша  азаматтарға  «Ашық есік күні» өткізіледі.   

«Әлеуметтік желілердегі аккаунттарды қолдану әдебі» семинары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтаудың алдын-алу жұмыстарының бір тәсілі ретінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі М.Н. Шүкібаев «Әлеуметтік желілердегі аккаунттарды қолдану әдебі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Интернет желісінде, соның ішінде әлеуметтік желілерді қолданғанда моральдық-этика нормалардың сақталуын талқылады. Әдеп жөніндегі уәкіл Интернет желісін қолданғанда мемлекеттік қызметшілер ұстанатын бірқатар ұсынымдарын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» семинар

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің  акт залында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – әдеп жөніндегі уәкіл М.Н. Шүкібаев департамент қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында әдеп жөніндегі уәкіл М.Н. Шүкібаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы болып сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту болып табылатындығын атап өтті.

«Қызметтік іссапарлар» тақырыбында семинар

 Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің  әдеп жөніндегі уәкілі М.Н. Шүкібаев «Қызметтік іссапарлар» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында әдеп жөніндегі уәкіл М.Н. Шүкібаев қызметтiк iссапарлары ережесі мен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы атап өтті.

Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдауы

2018 жылғы 28 желтоқсанда Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 40 үйдің 2-қабаты мекенжайында, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі М.Н. Шүкібаев Семей қаласының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде өзінің функцияларына жататын мәселелері бойынша азаматтармен әңгімелесу өткізеді.

«Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар» семинары

2018 жылғы 26 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтаудың алдын-алу жұмыстарының бір тәсілі ретінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі М.Н. Шүкібаев «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар» тақырыбында семинар өткізді.

«Қызметтік міндетін орындағаны үшін сыйлық қабылдағанда көзделген жауапкершілік» тақырыбында семинар

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің  әдеп жөніндегі уәкілі М.Н. Шүкібаев медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметкерлерімен «Қызметтік міндетін орындағаны үшін сыйлық қабылдағанда көзделген жауапкершілік» тақырыбында семинар өткізді.

Беттер